Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Арман Шораев Абайды мойындамайтын блогерге: Көрген жерде мұрныңды бұзам

Арман Шораев Абайды мойындамайтын блогерге: Көрген жерде мұрныңды бұзам
ашық дереккөз
Арман Шораев Абайды ұлы деп мойындамаған блогерге жауап қатты
Кеше ғана блогер Нұрлан Байділдә өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында "Абайды ұлы деп мойындамаймын. Егер ол біздің заманымызда өмір сүрсе, жай ғана блогер болатын еді" деп өзінің пікірін қалдырған болатын. Бұл жаңалық желі қолданушылар арасында қызу талқыға түсті.  Мәселен,  Арман  Шораев Нұрлан Байділдәнің Абай туралы былай жазғаны ашуына тиді. Өзінің инстаграм парақшасында: "Атың шықпаса, жеп өрте деген осы. Байділдә, сен нағыз ақымақсың. Өзіңді Абай деп санайтындай кім едің өзің? Алдымен, мықты болсаң, "Евгений Онегиннің" бір шумағын, не болмаса Гетені аударып көрші. Мен саған қара сөз туралы айтпай-ақ қояйын. Айтпады деме. Егер сені  көрсем, көрген жерде мұрныңды бұзам. Оны менің алдымда біреу істеп қояды деп үміттенем. Мәңгүрт, адам емессің!" деп жауап қатарған болатын. https://www.instagram.com/p/BlqjkYInDfg/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар