Басты жаңалықтар
«Бұл – оңбағанның сөзі». Қалқаман Сарин Абайды сынаған блогерден кешірім сұрауды талап етті
- автор kyn.kz
- 26 шілде, 2018
- 1.1k
«Бұл –кемеңгер бабамыздың кемел шығармармаларын оқымаған оңбағанның сөзі!»
Күні кеше танымал блогер Байділда Абайды мойындамайтынын айтып жұртты шулатқан еді. Ақын Қалқаман Сарин мұндай сөзге шыдамайтынын айтып, одан кешірім сұрауды талап етті, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
«Ұлт ұстазына айналған ұлы Абайға тіл тигізген байғұс – Байділдә деген осы!
«Я не признаю Абая великим казахом. Он был бы в наше время обычным блогером» депті, мына мәңгүрт!
Бұл – кемеңгер бабамыздың кемел шығармармаларын оқымаған оңбағанның сөзі!
Бұл – данышпан бабамыздың ел ісіне араласып би-болыс болғанынан бейхабар бейбақтың сөзі!
Сен өзің хәкім Абайдың заманында өмір сүрсең кім болар едің?
Ойлаудың өзі қорқынышты...
Абай – қазақтың ақыл ойы!
Абай – қазақтың ар-намысы!
Абай – қазақтың өзі!
Ендеше, Ұлт ұжданына тіл тигізген Н.Байділдә айыбын мойындап, алты алаштың баласынан кешірім сұрауы керек!» - деп жазды Қалқаман Сарин.
Әлеуметтік желі қолданушылары да бұл пікірді қоштап шықты.