Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шошқа етінен қыздың басында паразит құрттар табылды

Шошқа етінен қыздың басында паразит құрттар табылды
ашық дереккөз
Үнді қызының миында жүзден аса құрттардың жұмыртқалары табылған.
Нью-Делидің сегіз жасар тұрғыны кенеттен қатты бас ауруы мен эпилепциялық талмаға ұшырай бастады. Ата-анасы қызды дәрігерлерге көрсетіп, олар қызда жылауық бар деген шешімге келіп, стероидтардың көп мөлшерін жазып береді. Алайда, берілген дәрілер қыздың жағдайын одан әрі нашарлатады. Баланың ауруы асқынып, 20 келіге толығандықтан жүруден де қалады. Тыныс алу да қиынға түсе бастайды. Жарты жыл өткеннен кейін үміті үзілген ата-ана қызды басқа дәрігерге көрсетеді. Мидың суреті арқылы баланың бас миының цистицеркозына ұшырғанын, яғни, оның басында шошқа таспа құрты жұмыртқалағаны анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай дертке жумай жеген жеміс-жидектен немесе тексерілмеген шошқа етінен ұшырауға болады. Құрттар алдымен ішек қабырғасына жабысып, қантамырлар жүйесі арқылы миға дейін жеткен. Бала ісінуді қойдыртатын, құрттарға қарсы дәрі-дәрмектер курсын қабылдап, көп ұзамай, жүре бастады, артық салмақтан айырылып, сабаққа қайта барды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар