Басты жаңалықтар
Өкілі: Головкин сөз сөйлеуге емес, Денистің ата-анасын қолдауға келді
- автор kyn.kz
- 26 шілде, 2018
- 270
Боксшының Қазақстандағы өкілі Головкиннің неліктен қоштасу рәсімінде сөз сөйлеуден бас тартқанын түсіндірді.
Геннадий Головкиннің командасы оның Денис Тенмен қоштасу рәсімінде неліктен сөз сөйлемегенін айтты, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
«Геннадий Денис Теннің қайтыс болғаны туралы ақпаратты ести салысымен, Лос-Анджелестен Алматыға бірінші рейспен ұшып шықты. Ол сенбі күні ұшып келіп, ата-анасын қолдап, спортшыны соңғы сапарға шығарып салу үшін үйлеріне барды», - дейді Головкиннің өкілі Жанар Утешева.
Сондай-ақ, ол боксшының марқұм Денис Тенді ерекше құрметтегенін жеткізді.
«Ол тек спортшының ата-анасының жанында болуға тырысты. Ешкіммен сөйлескен жоқ, ешкімді көргісі келмеді. Сол кезде неге қоштасу рәсімінде сөз сөйлемеді деген сауалдар болды. Боксшы сол жерге жұрттың көзінше сөз сөйлеуге емес, Денистің ата-анасына қолдау көрсету үшін келді. Геннадидің лагерьдегі жаттығуын үзуге осы нәрсе ғана себеп болды. Ол марқұмды адам ретінде, спортшы ретінде ерекше құрметтейтін. Бұл бәріміз үші ауыр қайғы болды», - дейді ол.
Естеріңізге сала кетсек, 19 шілде күні Алматы екі азамат Денис Тенді пышақпен жарақаттаған болатын. Қайғылы оқиға Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында болған. Спортшы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды. Күдіктілердің біреуі ұсталып, кінәсін толықтай мойындады. Екіншісі әзірге іздестіріліп жатыр.
Келесі мақала