Басты жаңалықтар
Айдана Меденова күйеуі айға қарап жүргенде түскен суретімен желіні шулатты (фото)
- автор kyn.kz
- 26 шілде, 2018
- 2.5k
«Мен сені жақсы қыз десем, жаңылысқан екенмін».
Әнші демалыс кезінде купальникпен суретке түсемін деп жұртты шулатты, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
«Мен үшін нағыз жаз келді дей берсем болады. Шынайы! Күн, теңіз, құм және бриз деген нағыз атрибуттарымен. Ал көптен күткен демалысыңды жақындарыңмен өткізу – екі есе бақыт. Кеше Антальяға ұшып келдік. Ол жерде бізді гүлмен қарсы алып, 40 минуттан кейін Кемерде болдық», - дейді Айдана Меденова.
Осылайша бірнеше күннен бері әнші әлеуметтік желіде демалысының суреттерін бөлісіп жатыр. Соның бірі - әншінің купальникпен түскен суреті. «Әлішер айға қарап жүргенде купальникпен бір фото салып үлгердім» деп жазды әнші суретінің тұсына.
Бұл суреті әлеуметтік желі қолданушыларының ашуына тиген-ді. Көпшілік мұның әнші табиғатына сай келмейтінін жазып жатыр. Арасында қорғап сөйлегендер де бар.
«Қазақ қызына тән емес қылық», «Бара-бара киімі ашылып бара жатыр ғой. Қалай демалса демалсын, мынадай фотосын салғаны дұрыс болмады», «Мұндай бейнеңізді тек жолдасыңыз көру керек», «Тыржалаңаш түссең, кінәңді тозақта өзің көтересің», «Мен сені жақсы қыз десем, жаңылысқан екенмін. Күйеуіңді салмайды екенсің», «Суға түсуге барған адам міндетті түрде купальникпен суретке түсуі керек пе? Алдыңғы жалаңаштарды қойғыза алмай жүргенде, саған жол болсын. Сен қазақтың қызысың ғой», «Неге бірақ шешіп тастамадыңыз? Ақыры Әлішер айға қарап жүрген екен ғой» деп жазды желі қолданушылары.
Келесі мақала