Басты жаңалықтар
Алмас Кішкенбаев анасының өтініші туралы айтып жұрттың жүрегін тебірентті
- автор kyn.kz
- 26 шілде, 2018
- 444
«Сенің әрбір ақ шашыңа, бетіңнің әр әжіміне қарызбын...»
Жуырда Алмас Кішкенбаев анасының өз атын әрең ауызға алғанын айтып жұрттың жүрегін ауыртқан еді. Енді міне бірге түскен суретін бөлісіп, мұның анасының тілегі болғанын айтып тағы да көпшілікті тебірентті, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
«Анашым, 100 жасашы. Сенің әрбір ақ шашыңа, бетіңнің әр әжіміне қарызбын... Сенің үмітіңді ақтай алдым ба? 4 күн бұрын жанында болып келдім. Төсек тартып жатқан жерінен мені көріп, орнынан тұрып, фотоаппаратың барма, суретке түсейікші дейді... (сол кезде түскен сурет қой) Жалпы біз өмірге не үшін келеміз? Не мақсатпен? Алланың бізге аманат етіп берген өмірін, денсаулығын, үмітін ақтап жүрміз бе? (Соңғы кезде өте сентиментальный болып жүрмін). Аман болыңыздаршы! Аман болайықшы! Ең бастысы, өз өміріміздің, жақындарымыздың үмітін ақтауға тырысайық! Мүмкін сол шығар біздің бұл өмірдегі мақсат?! Басқасы күн көріс...» - дейді Алмас Кішкенбаев.
Желі қолданушылары бұл сурет пен сөздердің жүректерін қарып өткенін жарыса жазды.
«Алмас, анашың ұзық жасасын», «Керемет! Алла жар болсын!», «Анаңыз 100 жасасын. Алла шипасын берсін» деп жазды желі қолданушылары.
Келесі мақала