Басты жаңалықтар
Мысырдағы зообақта есектерді бояп, келушілерге зебра деп көрсеткен
- автор kyn.kz
- 26 шілде, 2018
- 310
Зообақ әкімшілігің қулығы іске аспағанымен, араб БАҚ өкілдерін біраз шулатты.
Каир қаласындағы зообақ иелері есектерді бояп, "зебралар" деп көрсетіп, келген қонақтарды алдаған. Бұл жайлы Extra News телеарнасы жазады.
Жасанды зебраларды бірінші болып мысырлық оныншы сынып оқушысы Мұхаммед Сархан экскурсия барысында анықтайды. Ол зебра басындағы, денесіндегі қара дақтардың ағып кеткенін байқаған. Мұхаммед оларды анықтап қарағанда, зебралардың Мысырда көптеп кездесетін қарапайым үй есектері екенін түсінді. Зообақ иелерінің әділетсіздікке барып, есектерді экзотикалық жануарлар ретінде көрсеткендеріне таңданысын да жасырмады.
Қалада орын алған қатты ыстық ауа-райы салдарынан зебраға тән сызықтар бояуы тура баланың алдында ағып кеткен. Жас бала зебраларды суретке түсіріп Facebook парақшасына салады. Бұл жағдай көптеген араб БАҚ-тарын қызығушылығын тудырады.
Кейін анықталғандай, зообақ иелері осыған дейін болған зебраларға тағы бір-екеуін қоспақшы болады. Алайда, жаңа зебраларға қаражат таппағандықтан, кәдімгі есектерді бояп, қонақтар байқамай қалады деп ойлаған.
Мал дәрігерлері зообақта зебралар емес, есектер көрсетілген дегенімен, зообақ әкімшілігі өз дегендерінен қайтпай, қулықтарын мойындамай отыр.