Басты жаңалықтар
Қанат Әлжаппаров балаларының санынан жаңылысып күлкіге қалды
- автор kyn.kz
- 26 шілде, 2018
- 2.4k
Тұрсынбек Қабатов: Қазақта «Қыз бала әкесіне тартса бақытты болады» деген сөз бар.
Жуырда Қанат Әлжаппаров Әзілman атты театрда сценарийден тыс өнер көрсетіп, актерлік шеберлігін сынап көрді. Кейін халықтың алдында отырып Тұрсынбек Қабатовқа сұхбат берді. Сұхбат барысында актер балаларының туу ретінен жаңылып ұятқа қалды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
Қанат Әлжаппаров: Менің екі ұл, екі қызым бар. Нұргүл Қызылорданың тумасы. Менің ауылымнан 12 километр жерде орналасқан көрші ауылдың қызы. Танымал болмаған, алысқа бара алмайтын кезім. 2008 жылы екеуіміз шаңырақ көтердік. Үлкенімнің аты Әбілмансұр, кейінгісі Нұрәлі, төртіншісінің есімі – Арайлым. Жоқ, үшінші қызым. (Күлді.)», - дейді актер.
Тұрсынбек Қабатов: Байқасаңыздар біреуін тастап кетті. (Күлді.)
Қанат Әлжаппаров: Төртінші қызымның есімі – Аянат. Оны біздің театрдың директоры Тұрсынбек Қабатовтың өзі қойған.
Тұрсынбек Қабатов: Төрт баланың ішінде қайсысы саған ұқсаған?
Қанат Әлжаппаров: Екінші балам шамамен маған ұқсаған. Ол туғанда мен театрға жаңадан жұмысқа тұрып жатқан едім. Үлкен ұлым шамамен Нұргүлге ұқсайды. Мені бос жүр, болашағы жоқ деп өзіне ұқсатып алған. Ал үшінші қызым әдемілеу. Екеуіміздің де әдемі жерлерімізді алған. Төртінші қызым өзіме ұқсайды. Негізі менің қыз нұсқам әдемі.
Тұрсынбек Қабатов: Қазақта «Қыз бала әкесіне тартса бақытты болады» деген сөз бар. Мұны жұбататын ешнәрсе болмаған соң айтқан сияқты.