Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тұрсынбек әріптесі Әлжаппаровты ұшаққа билет сұрайтынын айтып ұялтты

Тұрсынбек әріптесі Әлжаппаровты ұшаққа билет сұрайтынын айтып ұялтты
ашық дереккөз
«Баяғыда пойыз дейтін едің, қазір ұшақ дейтін болғансың»
Тұрсынбек Қабатов өзімен сұхбаттасып отырған Қанат Әлжаппаровтың әзіліне әзілмен жауап берді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Кішкентай қызым өзінің айтқанын істетеді. Бәлкім атын Тұрсынбек қойған соң мінезі осындай болса керек. (Күлді.) Театрда жұмыс істеп жүргеніме 6 жыл толды. Сіздің менімен актер ретінде адам сияқты сөйлесіп отырғаныңыз бірінші рет. Күшті адам екенсіз. Ұрыспай, күшті сұрақтар қойып отырғаныңызға ризамын. Құдды Ләйлә Сұлтанқызымен сұхбаттасып отырған сияқтымын. Мен отбасын құрғалы көп өзгермегенмін. Қарапайым сол қалпымда қалғанмын», - дейді Қанат Әлжаппаров. Алайда Әзіл әлемі театрының директоры Тұрсынбек Қабатов оның өзгеріске қатысты сөздерімен келіспейтінін жеткізді. Бүгінде талаптарының күшейгенін айтып ұялтып тастады. «Жоқ, сен қазір өзгергенсің. Бір жаққа шақырса, «Ұшаққа билет алып бересің бе?» дейтін болғансың. Ұшақ деген сөзді жаттап алғансың. Баяғыда пойыз дейтін едің, қазір ұшақ дейтін болғансың», - деп күлді Тұрсынбек Қабатов.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар