Қызылорда облысы қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотында бейтаныс адамды өлтірген 23 жастағы жігітке қатысты үкім шықты.
Той қалалық мейрамханалардың бірінде өтіп жатқан. Бір кезде екі жас жігіт жанжалдасып қалады.
"Бір-біріне біраз сөздер айтқаннан кейін олар далаға шығады. Бірақ далада ұрыс төбелеске ұласады", — деді соттың баспасөз хатшысы Роза Хизатова.
Төбелесіп жатқан жігіттердің қасына осы маңда жүрген адамдар келеді. Біреуі оларды ажыратуға әрекет жасайды. Сол мезетте төбелесіп жатқандардың бірі ашумен оның кеудесіне пышақ сұғып алады. Ер адам тіл тартпай кеткен.
Қазір адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалады.
"Қызылорда облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлімі (Адам өлтіру) бойынша айыпты деп танып, 11 жылға соттады. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі аса жоғары мекемесінде өтейді", — деп хабарлады Роза Хизатова.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Синоптиктер 2026 жылдың алғашқы айына арналған ауа райы болжамын ұсынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025
Басты жаңалықтар
Жаңа жылдық мереке күндері ХҚКО-лардың жұмыс кестесі белгілі болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025




