Басты жаңалықтар
Адам өмірден өткен соң оның әлеуметтік желідегі парақшасына не болады?
- автор kyn.kz
- 27 шілде, 2018
- 349
Ғаламтор желісінде өмірден озған адамдардың парақшалары толып жүр. Олар әлеуметтік желіде мәңгілікке сақтала ма, әлде уақыт өте жойыла ма?
Әлеуметтік желідегі өмірден озған адамдардың парақшалары толып жүреді. Олар әлеуметтік желіде мәңгі сақтала ма, әлде белгілі бір уақыттан кейін жойыла ма? Осы сұраққа Hi-Tech Mail.ru басылымы жауап іздеп көрді, деп хабарлайды Kyn.kz. Instagram
Бүкіл әлемде бұл әлеуметтік желіні 800 миллионнан астам адам пайдаланады. "Қайтыс болған адамға тиесілі аккаунтты көріп қалсаңыз, ескерткіш статусын беру үшін бізге хабарласаңыз болады", — деп жазылған Instagram желісінің анықтамалығында. Ескерткіш статусын орнату оңай – әлеуметтік желі қызметкерлеріне дәйек ұсынсаңыз болды: қазанамаға немесе жаңалыққа сілтеме беруге болады. Ескерткіш статусы берілген соң, ешкім марқұмның жеке бетіне кіре алмайды. Қайтыс болған адамның суреттеріндегі белгілер, лайктар – бәрі сол қалпы өзгеріссіз қалады. Оларды жою мүмкін емес. Парақша "консервіленіп", "Қызықты" бөлімінен жоғалып кетеді. Бірақ сырттай кәдімгі аккаунт болып көрінеді. Сонымен бірге, аккаунтты жойғызуға болады – мұндай құқыққа парақша иесінің туыстары ие, олар марқұмның туу туралы және өлімі туралы куәліктері және парақша иесінің заңды өкілі немесе мұрагері екенін растайтын құжатымен бірге өтініш бере алады.Facebook
Цукербергтің әлеуметтік желісінде де ережелер Instagram нормаларына ұқсайды. Бірақ тағы бір таңдау бар – парақшаның сақтаушысын белгілеу. Ол адам аккаунтты қадағалап, марқұмның атынан достарымен қоштасып, аватаркасын өзгерте алады. Бірақ жеке хаттарын оқып, достарын бұғаттауға хақы жоқ.