Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің бірі Еркін Әмірханов қамауға алынды

Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің бірі Еркін Әмірханов қамауға алынды
ашық дереккөз

Астанада қазақстандық кәсіпкер, «Эксимбанк Казахстан» АҚ-ның бұрынғы басшысы Еркін Әмірханов қамауға алынды. Ол коммерциялық параға жол берді деп күдіктелуде.

Бұл туралы KYN.KZ хабарлайды. Еркін Әмірхановтың соңғы бірнеше жыл көлемінде еліміздегі ең бай адамдардың тізімінде болғаны белгілі. ҚР ҰҚҚ мәліметінше, Әмірхановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары биылғы жылдың 3 мамырынан басталған. «2018 жылдың 3 мамырында ҰҚҚ тергеу департаменті «Центрказэнергомонтаж» АҚ-ның бұрынғы төрағасы Е.А.Әмірхановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Ол ҚР ҚК 253-бабы 6-бөлімі (Коммерциялық пара) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктелуде», – делінеді ҰҚҚ хабарламасында. Айта кетсек, Әмірханов 5 мамырда тұтқындалып, 6 мамырда сот оны 2 айға қамады. ҰҚҚ тергеудің құпиялығына сілтеп, аталған іске қатысты басқа мәліметтермен бөліскен жоқ.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар