Түс көру қандай да бір белгі беру. Ол жайында дінімізде де анық әрі түсінікті етіп айтылған. Қандай түс көрсеңіз де оның өміріңізге әсері оң болу үшін жақсылыққа жору керек
Бүгін түсіңізде не көрдіңіз? біз ұсынған түс жору арқылы түс әлемінің сырын ұғынып, көрген дүниеңізді неге жору керектігін біліңіз. ААға, бауыр, әпке, қарындас: көру – отбасылық бақыт; алыстау – бақытты оқиға; ұрысу – өкінішке ұрыну. Ағайындар: ағайындарыңыздың сау әрі күш-қуатқа толы екенін көрсеңіз, демек өзіңіздің не олардың тағдырындағы өзгеріске қуанасыз; ағайындарыңыз кедей халде болып, көмек сұраса, жақын күндері жағымсыз оқиға орын алады. Ағаш: гүлдеген ағаш – үлкен бақыт; өртенген ағаш – шығынға ұшырау; жемісті ағаш – жақсы жолдаспен кездесу; ағашқа шығу – әр нәрседе бақытқа кенелу. Ай – құпия билік, тыныштық пен күптеген оқиғалардың белгісі. Айна – арам, жалған достар. Акула – дұшпан. Ақтау – мерекелік іс-шараға қатысу. Ақша: ақшалы болу – үлкен шығын; жалған ақша – мұрагерліктен айырылу; көп ақша көру – күтпеген жерден байлыққа кенелу; көп ақша санау – табыс табу; қарызға беру – үрей мен машақат. Алма – даналық пен марапат белгісі. Алмаз – байлық пен отбасындағы береке. Алмұрт: жеу – құрметсіздік; ағашта өскен алмұрт – бақытты неке; алмұрт ағашын сілку – құрмет. Альбом – қуаныш пен шаттық Апельсин – денсалуғыңыздың тез қалпына келіп, сырқаттан айығу. Аспан әлемі – болашаққа құрған жоспарларыңыздың орындалуы. Ата не әже: оларға жолығып, сөйлесу еңсеруге қиын түсетін қиындыққа ұшырайтыныңызды білдіреді. Аяқ киім – саяхат; таза, әдемі аяқ киім – сәтті сапар; жыртық аяқ киім – дерт пен кедейлік.
ӘӘйел адам – қастықтың белгісі. Әртіс – екіжүзді дос, өтірікші серіктес. Әскер – қоғамдық маңызы бар оқиға.
ББазар: базарда жүрсеңіз, өзіңізді жетілдіруді жалғастыруыңыз қажет; базарда саудамен айналысу – өзіңізді саудаға арнау. Байлық – өз ісіңізге жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты орындау арқылы қызмет мансабыңыздың өсуі. Балалар – қуаныш пен кіріс. Балапан – отбасындағы қуаныш. Банан – көңіліңізге ұнамсыз адаммен қарым-қатынас. Бас киім: қымбат әрі бай тігілген бас киім – танымал, табысты болатыныңыздың белгісі; ескі, киілген бас киім меншігіңізді өзгенің иемденетінін аңдатады. Бит – байлық. Бұқа, өгіз: түсіңізде бұқа көрсеңіз, абай болыңыз; оны сою – шыдамдылықты тану; өлтіру – қауіптен құтылу. Бұлт – ісіңіздегі қиындық. Бұршақ – табыс, сәттілік, мол өнім.
ГГаухар тас – жалған достық, опасыздық, екіжүзділік. Гүл: әдемі гүлдер – өмірдегі қуаныш пен шаттық; түсіңізде гүл алсаңыз, сізді әлдкем жақсы көреді; солған гүл – дерт.
ҒҒашықтар: ғашық болу – бақытты шақ; ғашықтарды көру – қызғаныш.
ДДауыс: дауыс естісеңіз, үмітіңізді үзбеңіз. Дән – ісіңіздегі сәттілік, мол өнім, тұрмыстағы табыс.
ЕЕгіздер: егіздерді көру – ұрпақты болу; егіз балалы болу – отбасылық қуаныш. Елтаңба – құрмет пен марапат. Есік: есіктен кірсеңіз, сізді көре алмайтын, арам ойлы адамдардан арылуға деген талпынысыңызды білдіреді. Ет: ет жеу – сырқаттану; сатып алу – пайда; еттен тамақ дайындау – береке; ет көру – жайсыздық.
ЖЖаңбыр – ісіңіздің табысты болуы, сәтті әрі қомақты табыс. Жәшік: толы жәшік – жетістік пен кіріс; бос жәшік – сәтсіздік. Жол – уайымсыз өмір; тік жол – жоспарлардың асықпай орындалуы; нашар жол – кедергілер; бірнеше тарамға бөлінген жол – жамандық пен жақсылық арасындағы күрделі таңдау. Жұлдыз: жарқыраған жұлдыз көрсеңіз, ол мықты денсаулық пен жақсы өмірдің белгісі; күңгірт жұлдыз – бақытсыздық пен қайғы. Жүгіру: жүгірген адамдар – ақшалы болу; бір орыннан қозғалмау –сәттілікті ұзақ уақыт күту; межеге дейін жүгіріп жету – ойланып басталған іс; әлдекміді қуып жету – бақытқа қол жеткізу. Жүзім – табыс, сәттілік, қуаныш, денсаулық. Жүктілік: жас әйел үшін – махаббаттағы бақыт; кәрі адам үшін – жақын күндері бақилық болу. Жылан – әйелдер арасындағы дұшпан; жыланды өлтіру – тұрмыстық қиындықтан арылу. Жібек – тиімді істің басталуы. Жіп – өміріңіздегі қиындықтардың әлі де алда екенінің белгісі; үзілген жіп – достарыңыз себепті қайғыға ұшырау.
ЗЗират – денсаулық, ісіңіздегі жетістік пен ұзақ өмір.
ИИне: ине тауып алу – басыңыздың дауға қалуы; сыйлыққа ине алу – жолдасыңыздан айырылу.
ККедей: өзіңізді кедей халде көру – жайсыздықтың белгісі; кедейлерді көрсеңіз, бойыңызда мәрттік, мейірімділік сезімдері оянады. Кедейлік – үрейлену, қынжылу. Кеш – пайдасыз келісім. Киіз үй – кедейлік, қорлық көру. Киім: сатып алу – бақыт; қара киім кию – уайым-қайғы; ақ қиім – өмірге разылық. Көбелек – қуанышты өмір белгісі. Көгершін: шатырдағы көгершін – жақсы жаңалықтар; ұшып жүрген көгершін – қуаныш; көгершінді өлтіру – жақын достан айырылу; жем беру – қайырлы іс істеу. Көз: әлдекімнің көзі соқыр, қыли не көзінде кемістігі болса, ол ісіңіздегі сәтсіздікті, алданатыныңызды аңғартады; көзі сау адамды көру – ісіңіздегі сәттілік, қуаныш. Көкқұтан: шалғында жүрсе, бақытты некені білдіреді; ұшып жүрсе не көкқұтанды ұстап алсаңыз, ол құдалықтағы машақатты аңғартады. Көктем – оралу, тамсану, махаббат пен қызметтегі сәттілік. Күнә: күнә жасасаңыз, ар-ұятыңыздың дауысына құлақ асыңыз. Кілт – билік пен күш-қуат белгісі. Кір – байлықтың, өнімді еңбектің, күтпеген оқиғалар мен өсектің белгісі.
ҚҚазына – орындалмаған үміт. Қайғы: өзіңіздің қайғыға ұшырағаныңызды көру – қауіп-қатерге тап болу; басқа адамдардың қайғысына куі болу – басыңызға көптеген сәтсіздік келеді. Қақпа: қақпаны ашу – өміріңіздің соңы бақытты болады; күшпен ашылса, табысқа кенелесіз. Қарбыз: ер адам үшін – жағымсыз жағдайлар; әйел адам үшін – жүктілік. Ал қыз үшін – жақын күнде тұрмысқа шығу. Қарға – жайсыз хабар, өкініш, дерт. Қас: түсте әлдекімнің қасын көру жолыңыздағы күтпеген кедергіні аңдатады; қара қас – денсаулық, қасты күйдіріп алу – мұрагерлік жайында дау. Қасқыр – қас дұшпан, жайсыз жағдай, сатқындық пен өтірік. Қой – ақымақ дос. Қонақ: әлдеқандай шаруамен келген қонақ – сақтық таныту; қонақ болу – үлкен шығын не жақсы көретін дүниеден айырылу. Қыс: жастар үшін – ашулы адаммен отбасын құру; отбасылы адамдар үшін – қорқыныш.
ММақта – нәтижесіз еңбек. Монша – қауқарсыздық, үмітсіздік, алдану.
ННан: ақ нан жеу – молшылық пен қанағат; қара нан – мұқтаждық, қайғы; нан турау – опасыздық; көгерген нан – дұшпандар; нан сатып алу – отбасылық шығын. Неке: түсте некелесу міндеттеріңізді атқаруға ораласыз.
ООмырау: омырау ақ әрі толы болса, жақын күндері табыс пен бақыт күтілуде. Орамал: жібек орамал – ғашықтық. От – орындалмас армандар.
ӨӨрмекші – қауіпті дұшпан; өрмекшіні өлтіру – жеңіс. Өрік жағымсыз жағдайлар мен шығынды білдіреді.
ППеріште – жақсы жолдасқа жолығу. Пышақ – ұрыс керіс, жайсыз жағдай. ССаңырауқұлақ – миға қонымсыз қалау мен табысқа кенелу жолында ақымақтықпен асығыстыққа бару. Саяжол – тағыдырыңыздың бұрынғыдай жақсы болмайтынының белгісі. Сиыр: жуас сиыр арман-үміттердің орындалуы. Соғыс – жайсыздық, бақталастық, ісіңіздегі қиындық. Су: суық су – бақыт; су құю – дұрыс іспен айналысу; лай су – кедергі; шомылу – күдіктен арылу; суық су ішу – денсаулық; жылы су ішу – дерт; суда жүру – қиындықтарды жеңу. Сүлгі: кір сүлгі – көре алмаушылық; сүлгіні жырту – жақтырмау. Сыпырғыш: сыпырғыш көру – үйдегі келеңсіздік; жаңа сыпырғыш – жалған достар; ескі сыпырғыш – ескі танысыңызбен жолығу; сыпырғышпен сыпыру – өсек. Сырқат адам: түсіңізде ауырсаңыз, өміріңізде уайымдамаңыз.
ТТау: көру – әлдекімнің қорған болуы; тауда жүру – қиындық пен кедергі; шыңына шығу – торуылдан құтылу; қарлы шыңды тау – ниеттің дұрыстығы. Тиін: ер адам үшін – қу әрі өтірікші әйелмен таныстық; әйел адам үшін – нашар адамның алдап-арбауына түсу. Тоқаш: сатып алу – табыс; турау – ақша жинау. Толқын – оқуда нық қадам жасап, үлкен ілімге ие болу. Топырақ – ауыр, қиын, салмақтылығы зор еңбек. Тосап: қайнату – сүйікті істе табысқа жету; жеу – махаббаттағы сәтсіздік. Төбелесу, күресу – аурудан айығу, махаббат пен қызметтегі сәттілік, дұшпандарды жеңу. Түйе – ұзақ әрі қиын өмір. Тіл – бос сөз.
ҰҰлу – ісіңізде табысқа кенелу. Ұрлау – қорлық көру, кедейлік, уайым. Ұру: адамды не жануарды ұру – ауры, уайым, жоғалту. Ұшу – үміттердің орындалуы, ісіңіз бен махаббаттағы сәттілік. Ұя – баспаналы болу, тыныш әрі жақсы өмір.
ҮҮй: үй салу сырқат адам үшін бақилық болуды, сау адам үшін ауыр еңбек пен машақатты аңғартады; өртке оранған үй – мол табыс. Үйлену: отбасылы ер адам үшін – опасыздық; бойдақ еркек үшін – алдау мен мұң. Үйлену тойы – жайсыздық, ұрыс-кіріс. Үйрек: тұнық суда жүзіп жүрген үйректер саяхат, теңізге саяхатты білдіреді; үйрек аулау – жоспарыңыздың орындалуындағы күрт өзгерістер; ұшып жүрген үйректер – бақытты өмірдің белгісі.
ХХалық – маңызды жаңалықтар. Хат: хат алу – көп ақша; хат жазу – қызыққан дүниеңіз жайлы хабар алу; тауып алу – қызметіңіздің өсуі.
ШШабуылдау – жұмыс күтіңіз; шабуылға ұшырау – арам пиғылды жолдастардан сақ болыңыз. Шалбар: қара түсті – төзім; ақ түсті – адасқаныңызды түсіну; жыртық – беделіңіз түседі; шалбар кию – үйде басшы болу. Шарап – көңілі толу, жақсы көңіл-күй. Шаш: тарау – жақсы табыс; қию – отбасындағы қаза; өсуі – істеріңіздің табысты болуы; сату – бақытсыздық. Шелек: толы – ісіңіздегі жақсылық; шелекпен құдыққа бару – еңбекқорлығыңыз үшін марапат; судағы шелек – құрмет. Шие – қылмысты махаббат, заңсыз қарым-қатынас. Шыңға шығу – қиындықтарды еңсеріп, барлық салада жетістікке жету. Шырақ – сенім, тыныштық, сезімнің белгісі.