Басты жаңалықтар
Санжар Мәдиев Денис Тен ісіне қатысты өтініш білдірді
- автор kyn.kz
- 27 шілде, 2018
- 338
«Есімдеріңіз жарияланбайды. Бұған кепілдік беремін».
Марқұм Денис Теннің жақын досы Санжар Мәдиев қазақстандықтарға видеоүндеу жолдап, куәгерлер іздестіруге көмек сұрады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
«Бұл сөздерім авторегистраторы бар барлық көлік иелеріне бағытталады. 19 шілде күні сағат 14:00 мен 16:00 аралығында Фурмонов-Құрманғазы және Абылайхан көшелерінің аумағында болған азаматтар туралы ақпарат білсеңіздер немесе өздеріңіз сол оқиғаның куәгері болған болсаңыздар, төменде жазылған мекенжайларға хабарласуларыңызды сұраймын.
Ал ендігі ақпарат осы аудан тұрғындарына бағытталады. Куәгер бола тұра бірнәрсе айтуға қорқып отырсаңыздар, төмендегі телефон нөмірге хабарласыңыздар. Бұл жеке өзімнің нөмірім. Ешнәрседен қорықпаңыздар! Есімдеріңіз жарияланбайды. Бұған кепілдік беремін. Журналистер және өзгелері тергеу барысы туралы сұрақ қою үшін хабарласпауларыңызды сұраймын. Ақпарат жоқ болса, мазаламауларыңызды өтінемін. Алдын ала рахмет!» - дейді Санжар Мәдиев. Естеріңізге сала кетсек, 19 шілде күні Алматы екі азамат Денис Тенді пышақпен жарақаттаған болатын. Қайғылы оқиға Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында болған. Спортшы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды. Күдіктілердің біреуі ұсталып, кінәсін толықтай мойындады.