Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Криштиану Роналду екі жыл мерзімінде абақтыға жабылуы мүмкін

Криштиану Роналду екі жыл мерзімінде абақтыға жабылуы мүмкін
ашық дереккөз
Бұл ақпаратты Испания прокуратурасы растады.
Роналдуға салық төлеуден жалтарғаны үшін 3,2 миллион еуро  көлемінде айыппұл салу және екі жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылады.
Бірақ испан заңына сәйкес, португалиялық футболшының түрмеге отыруы екіталай – жаза екі жылдық сынақ мерзімімен алмастырылуы мүмкін.
Айыппұлдан бөлек, футболшы салық органдарына 5,7 миллион еуро өтеуі тиіс. Сонымен бірге, үстеме пайыз бойынша тағы бір миллион еуро, екі жылдық мерзімінің әр күні үшін 250 еуродан төлеуге міндетті. Бұл іс бойынша  футболшы жалпы сомасы 19 миллион еуро төлейтін болады. Былтыр шілде айында сот отырысы кезінде футболшы ешқашан ештеңе жасырмағанын, салық төлеуден қашқақтамағанын айтқан еді.    
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар