Басты жаңалықтар
Денис өзі құлай сүйген ару туралы: Ол менен 5 жас кіші, оған қалай ұсыныс жасайтынымды да ойлап қойғам
- автор kyn.kz
- 28 шілде, 2018
- 418
Денис Теннің алғашқы махаббаты жайлы айтып берген сұхбаты жарияланды.
19 шілде күні бұзақылар қолынан қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің Gakku арнасына берген соңғы сұхбаты жарияланды.
Спортшы барлық сұрақтарға жауап берерде ағынан жарылып өзі жайлы айтып берген болатын. Неден қорқатынын, өзінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айтып өтіп, алғашқы махаббаты жайлы да бөлісті.
"Мен ол кезде әрі кетсе 13-те болған шығармын. Мәнерлеп сырғанаумен айналысатын бір қыз болды. Ол менен әлдеқайда кіші еді. Ол қызға sms-хабарламалар жазуды үйреткенім есімде. Содан кейін бес жылдай хабарлама арқылы сөйлесіп жүрдік.
Оған ерекше көзқараспен қарайтынмын. Өскенде оған үйленетініме сенімді едім, сондай әдеби әлемде өмір сүріп жүрдім. Оған қалай ұсыныс жасайтынымды да білдім.
16 жасымда оның 18-ге толған сәтіне жоспарлар құрып, Сочидегі Олимпиаданы жеңетінімді де жоспарлап отырдым. Сол уақытта ол 18-ге, мен 21-ге толып, мен оған барамын деп ойладым. Сондай жантебірентерлік қарым-қатынаста едім.
Бұл есті махаббат болған шығар? Яғни есім кетіп сүю емес, тура жоспар бойынша болуы тиіс махаббат. Мен оны қолымдағы теңдессіз қазынаға теңеп, одан ерекше адам жасап шығаруым керек деп санайтынмын. Ол адаммен қашан да өмірлік тәжірибемді бөлісіп, ойын дұрыс арнаға бұрып отырғанды қалайтынмын", - деп есіне алды Денис Тен.