Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«ТМД Аруы-2018» байқауында қазақ қызы бірінші орынды иеленді

«ТМД Аруы-2018» байқауында қазақ қызы бірінші орынды иеленді
ашық дереккөз
Барлық арулар марапатталды. Екінші, үшінші, төртінші вице-мисс атағына Қазақстан, Армения, Ресей аруалары ие болды.
Астанада Мисс-ТМД-2018 таңдалды. "ТМД Аруы-2018" атағы Украинадан келген ару Татьяна Акуленкоға бұйырды. Жалпы, байқауға 10 елден 19 ару қатысты. Олардың ішінде Қазақстаннан – Роза Ярлабекова, Әсем Есенгелдинова және Ксения Якимчик, Армениядан – Ромелла Тамарян, Украинадан – Татьяна Акуленко, Лика Шевченко мен Оксана Левченко, Грузиядан – Аннамария Качеишвили және Лика Тория, Тәжікстаннан – Маликабону Каюмова мен Назира Мирзоева, Беларусьтан – Виктория Лавренко мен Анна Панамарева, Ресейден – Арина Зинченко, Виктория Волгина және Жанара Хасенова, Латвиядан – Лариса Агафонова, Қырғызстаннан – Сусанна Егорян, сондай-ақ, Өзбекстаннан – Дарья Масальская бар. Қатысушылардың жасы – 18-30 арасы. Ресейдің атынан сынға түскен Жанара Хасенова – этникалық қазақ. Жанар өзге елде тұрса да, өз еліндегі жоғары оқу орнына түскісі келеді. «Мен Челябі облысының Магнитогорск қаласында дүниеге келдім. Ата-анам да сол жақта туды. Мәскеуде өткен «Ресей аруы» байқауына қатысып, бірінші орын алған болатынмын. Содан осы байқауға жолдама алдым. Жақында мектепті бітірдім. Қазір абитуриентпін. Астанадағы жоғары оқу орындарының біреуіне түсетін ойым бар», – деді Ж.Хасенова. Бүгінгі байқауға атышулы Сусанна Егорян да қатысты. Былтыр ол «Қырғызстан аруы» атағын жеңіп алғаннан кейін World Next Top Model 2017 Халықаралық байқауына қатысқан болатын. Финалда Сусанна Арменияның жазуымен шықты. Сол үшін қырғызстандықтар оны қатты сынға алды. Осы жолы Сусанна өз елінің атауы жазылған лентамен бірге қырғыз xалқының ұлттық киімін де киіп шықты. Жеңімпаз аруға Достық сайысына орай арнайы Арменияда жасатылған гаухар тастары бар алтын жалатылған тәж тағылды. Оған қоса, Татьяна Акуленко Еуропа елдеріне бір апталық саяхат ұтып алды. Бірінші ТМД-2018 вице-мисс атағы Алматыдан келген қазақстандық ару Әсем Есенгельдиеваға берілді, екінші ТМД-2018 вице-мисс атағы Армениядан келген Ромелла Тамарянға берілсе, үшінші вице-мисс Ресейлік ару Виктория Волгина атанды.  width= Бірінші вице-мисс Әсем Есенгельдиева Дубаиға бір апталық тур ұтып алды.  width= Арулар финалда сахнаға ұлттық киімде, кешкі сәнді көйлектерде шықты. Сайысқа қатысушылардың көрсетілімі арасында КазМедиа сахнасына Қазақстан мен Ресейдің орындаушылары: Руслан Бердіматво пен Севак Хангян үздік әндерін шырқап шықты.  width= «ТМД Мисс» байқауының бас директоры, ұйымдастырушысы Наири Мнацаканян әділқазылар төрағасы болды. Сонымен қатар, әділқазылар қатарында Velad Models модель агенттігінің бас директоры Зарина Көптілеуова, қазақстандық танымал музыкант Ерлан Кокеев және Ресей, Армения, Тәжікстан елдерінің елшілері болды. «ТМД Мисс-2018» халықаралық конкурсы 1996 жылдан бастап жыл сайын өтеді. Байқау Астанада алғаш рет 17-27 шілде аралығында өтті.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар