Басты жаңалықтар
Қызылордада зорланған 9 жасар қызды қорғамақшы болған анасы қайтыс болды
- автор kyn.kz
- 28 шілде, 2018
- 262
Трагедия осыдан екі апта бұрын болғанымен, бұл туралы ақпарат тек күні кеше пайда болды.
Дәрігерлер қыздың жағдайы туралы айтып берді. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Kyn.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Бала бізге келіп түскен кезде жағдайы орташа ауыр еді. Гинеколог дәрігерлермен кеңесе отырып, оған ота жасадық. Қазіргі уақытта оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ”, – деді шұғыл хирургия бөлімінің меңгерушісі Әлімжан Төлегенов.
Ал қыздың анасы алған жарақат салдарынан қайтыс болды. Трагедия осыдан екі апта бұрын болғанымен, бұл туралы ақпарат тек күні кеше пайда болды.
БАҚ-та пайда болған мәліметке сүйенсек, жантүршіктірерлік оқиға Қызылордадан 30 шақырым жердегі елді-мекенде болған. Үйде әйел мен оның 9 жасар қызынан басқа ешкім болмаған. Отағасы болса ақша табуға өзге аймаққа кеткен. Зорлық жасаған үшеудің тек біреуі ұсталған.