Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мөлдір Әуелбекова ерте қартайған Ернарға ақшалай көмек берді

Мөлдір Әуелбекова ерте қартайған Ернарға ақшалай көмек берді
ашық дереккөз
Танымал блогер Айдын Тоқсанбаеваның ерте қартайған Ернар атынан өтініші арқасында бір тәулік ішінде 2,5 миллион теңге жиналды.
Алматыдағы дәмханалардың бірінде кездесу ұйымдастырған Айдын Тоқсанбаева (janym_baklajanym) қолдан келгенше Ернарға көмектесуді өтінді. Айдынның өтінішін қазақстандықтар аяқ асты қалдырмады. Қайырымды жандар небәрі бір тәулік ішінде Ернардың еміне 2,5 миллион теңгеден аса қаражат жинап берген. Бұл орайда шара ұйымдастырушысы Айдын мен Ернардың анасы қазақстандықтарға алғысын жеткізді.
Айдынның айтуынша, кездесуге келген қонақтардың көпшілігі Ернарға сыйлық ала келіп, оны жатсынбай, көңілін көтерген. “Ернар кішкене жатырқай ма деп қорыққан едім, бірақ мейрамxанаға толған жандардын маxаббаты оны баурап алды. Өзін керемет сезініп, бақыттан басы айналды десем де болады. Анасы жылап та алады, күліп те қалады, қатты толқыды”, – дейді блогер. Үнемі қайырымдылықпен айналысатын Айдын Тоқсанбаева алдыңғы шарадан артылған 70 мың теңгеге Ернардың кішігірім арманын орындапты. Ол балақайға гидроскутер мен лего ойыншығын сыйлаған. “Бараxолкада танып қолыма ақша ұстатқан, ойыншықты сатқан жандар ақшаларын қосып берді. Денем тітіркеніп тамағыма, тас тұрады сондай сәттерде”, – деп ағынан жарылды Айдын. Атап өтетін жайт, қайырымдылық шарасына қарапайым халықтан бөлек, танымал өнер адамдары да атсалысқан. Мәселен, Мөлдір Әуелбекова Ернарға қаржылай қолдау көрсеткен. Кездесуге келуге мүмкіндігі болмағандықтан, қарамағындағы “Назар” тобын арнайы Алматыға жіберген. “Өзі келе алмаса да сәлемін жолдаған Мөлдір Әуелбековаға алғысым шексіз. Жасаған қайырымдылық кешімнің бір 3-4 еуіне өзі қатысқан, ал кеше конверттен бөлек өзінің “Назар” тобын жіберіп, ару қыздар жанды дауыста керемет ән орындап, Ернарға сыйлықтарын табыстап кетті. Кірулеріне де ақша төледі. Міне, ниет түзу болса ойламаған жерден жақсы жаналықтар көбейеді. Кеше келген ағаларымыз да қуантып кетті, болашақта жақсы бір қайырымдылық тойы болады”, – дейді Айдын Тоқсанбаева.

Қайырлы таң қазақ елі. Кеше келген жандардын барлығы @pomosh_ernarchiku көөөөөөөөп сыйлық алып келді. Рақмет ♥. Постты жазған кезімде, оқыған жандар түсініп сыйлықпен келетінің білдім. Ернар кішкене жатырқай ма деп қорыққан едім, бірақ мейрамxанаға толған жандардын маxаббаты оны баурап алды. Өзін керемет сезініп, бақыттан басы айналды десем де болады. Анасы жылап та алады, күліп те қалады, қатты толқыды. Біз 26 сы кешке Аспандияр мейрамxанасында танысып, сол күні администраторынан банкет залын алуға рұқсат сұрап бір 50 адам жиналса да шүкір деп едік. Бірақ адамның толғаны соншалық жасаған укладкам жоқ болып жабысып қалды 🤪. Видеода көргендерініздей Ернармен сөйлесемін деп бар орысшамды шаштым 😂, жұрттын көзінше ұялсам да амал жоқ болды 😬. Пы/сы: Нұр балалар үйінің балақайларының армандарын орындауға жиналған қаражаттан артылған 70 мың теңгеге Ернардын арманын орындап гидро скутер, лего, көлік (ойыншық) 😂 алып бердік. Бараxолкада танып қолыма ақша ұстатқан, ойыншықты сатқан жандар ақшаларын қосып берді. Денем тітіркеніп тамағыма тас тұрады сондай сәттпрде. Өзі келе алмаса да сәлемін жолдаған @moldir.auyelbekova -ға АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ. Жасаған қайырымдылық кешімнің бір 3-4 еуіне өзі қатысқан, ал кеше конверттен бөлек өзінің @nazar_officialpage тобын жіберіп, ару қыздар ЖАНДЫ ДАУЫСТА керемет ән орындап, Ернарға сыйлықтарын табыстап кетті. Кірулеріне де ақша төледі 😅. Міне, ниет түзу болса ойламаған жерден жақсы жаналықтар көбейеді. Кеше келген ағаларымыз да қуантып кетті, болашақта жақсы бір қайырымдылық тойы болады. Оны пост етіп жазамын ♥. Пы/сы: кешегі кеш кішкене тікелей эфирге шыққан, көріп үлгерініздер ♥

Публикация от Janym Baklajanym (@janym_baklajanym)

 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар