Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айтпайын дейсін, жазбайын дейсін: Сәкен Майғазиев билік басындағыларын сынады

Айтпайын дейсін, жазбайын дейсін: Сәкен Майғазиев билік басындағыларын сынады
ашық дереккөз
Арқалық жерінде адасқан танымал әнші билік басындағыларға жол мәселесіне қатысты шағымданды.
Видеода Арқалық пен Державин арасындағы көлік жолы көрсетілген. Әнші жөнделмеген жолды көріп, билік басындағыларға "мына жол қашан жөнделеді?", "мұнда адам тұратынын біле ме екен?" деп өз наразылыған білдірді.  Майғазиев бір сөзінде: "қайынжұртқа келіп кете алмайтын болдық қой", - деп әзілдеді.  Әншінің айтуы бойынша, Шығыс Қазақстан облысында да дәл осы жағдай қайталанған.  https://www.instagram.com/p/BlxgCfPnCuQ/?utm_source=ig_share_sheet&igshid=uw58enxozrwp Жолдың жөнделмегенін айтпағанда, тіпті, жол белгілері қойылмағанын, қаншама көліктің далада қалғанын жеткізді. Жалпы, Қазақстан жолдарының сын көтермейтіні бұрыннан жазылып жүр. Ресейде жұлдызы жанған Скриптонит те Павлодарға барар жолды ащы сынға алғаны  әлі ел есінде.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар