Басты жаңалықтар
Алтынбек Қоразбаев Тараздағы мектептердің біріне өз қаржысына ІТ-сынып ашып берді
- автор kyn.kz
- 29 шілде, 2018
- 336

Ол жерде енді күніне 5 сағат бойы 20 бала тегін білім ала алады
Тараздағы мектептердің бірінде белгілі әнші, композитор Алтынбек Қоразбаевтың демеушілігімен ІТ-сынып ашылды, деп хабарлайды Тараз қаласы әкімдігінің ресми сайтында.
«Тараз қаласының № 30 мектеп - гимназиясы жанынан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Алтынбек Қоразбаевтың демеушілік жасауымен ІТ-сынып ашылды.
Бұл игі іс «Нұр Отан» партиясының «Балаларға ақысыз ІТ-сынып ашу» жобасын іске асыру аясында партия Тараз қалалық филиалының қолдауымен жүзеге асырылды»,-делінген хабарламада. ІТ-сынып 10 оқушы, 1 мұғалімге арналған жабдықтар, оқу-құралдары және компьютерлермен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, ІТ-сыныпта оқушылардың сабақ оқуына қажетті құралдар мен робототехника және 3D модельдеу үстелдері орналасқан. Мұнда күніне 5 сағат сабақ өткізіліп, кез келген қызығушылық танытқан 20 бала өз білімдерін жетілдіре алады.Сыныптың ашылу салтанатын қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов, «Нұр Отан» партиясынысы төрағасының орынбасары Ш.Тілеумұрат қатысты.