Басты жаңалықтар
Танымал болудың кілті: Қайрат күніне төрт-ақ сағат ұйықтайтынын айтты
- автор kyn.kz
- 29 шілде, 2018
- 315
Қайрат Нұртас көпшілікті ақындық қасиетімен тәнті етті
Отандық әнші Қайрат Нұртас өзінің инстаграм парақшасына шығарған өлеңін жазып, онда күніне төрт-ақ сағат ұйықтайтынын айтты. Желі қолданушылары болса сүйікті әншілеріне көбірек демалуға кеңес берді. Сондай-ақ Қайраттың ақындық қасиетіне тәнті болғандарын да жеткізді.
"Тыным жоқ... Төрт-бес сағат көз ілемін,
Күн сайын түрлі адамға кезігемін.
Инстаға кіріп-шығып арасында,
Өзіме қажетті ой, сөз ілемін.
Үш миллион оқырманға жеткен соң ба,
Өзімді миллионердей сезінемін!"- деп жазды әнші.
Оқырмандары "Мықтысыз!", "Онсыз да миллионерсіз ғой", "Шаршамаңыз, тек алға" деп өз пікірлерін де білдірген болатын.
https://www.instagram.com/p/BlzvJH4hac6/?utm_source=ig_web_copy_link