Басты жаңалықтар
Адам мінезін саусағына қарап тануға болатынын білесіз бе?
- автор kyn.kz
- 29 шілде, 2018
- 272
Адам мінезін, қасиеттерін оның сөздеріне ғана емес, сырт келбетіне қарап та анықтауға болады.
Психологтардың айтуынша, сана мен дене бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді. Сол себепті, адам мінезін, қасиеттерін оның сөздеріне ғана емес, сырт келбетіне қарап та анықтауға болады.
Сондай әдістердің бірі – саусақтарды зерттеу.
Британиялық ғалымдар бұл тақырыпты зерделеп, қызықты фактілерге тап болды.Соның бірін сіздің назарыңызға ұсынамыз.
Екінші және төртінші саусақтардың ұзындығына назар аударыңыз: А. Төртінші саусақ екіншіден ұзынырақ болған жағдайда: Саусақтары мұндай адамдар – батыл, шешім қабылдауға жүрексінбейтін, жиі тәуекелге баратын жандар. Олар – ақылды, логикасы дамыған адамдар. Сонымен қатар, бұл жандар өзгелерден гөрі көбірек ақша табады. Саусақтары мұндай қыз бала әлі тұрмыс құрмаған болса, табысты адаммен жұп құрауға мүмкіндігі мол екенін айтуға болады.
В. Төртінші саусақ екіншіден қысқа болған жағдайда: Саусақтары мұндай адамдар тәкаппар болады. Көңілі тоқ болғандықтан, өздерімен-өзі болғанды жақсы көреді. Әдетте, мұндай адамдар бірінші болып ұсыныс жасамайды. Бұл тек махаббатқа ғана емес, бизнеске де қатысты. Бірақ айтылған фактілерге қарамастан, өзіне деген назарды бағалайды және мақтау, қошемет сөздерді қабылдай біледі.
С. Төртінші мен екінші саусақтардың ұзындығы бірдей болған жағдайда: Мұндай адамдар өте мейірімді әрі көңілі ашық болады. Олар ұрыс-керісті ұнатпайтындықтан, кикілжің тудыратын жағдайлардан ары жүруге тырысады. Бұлар тазалық пен тәртіпті жақсы көреді. Кез келген адаммен тіл табыса алады.