Басты жаңалықтар
Қытайда өмір бойына сотталған қазақстандық Ақжарқынның жағдайы туралы оның қорғаушысы айтып берді
- автор kyn.kz
- 30 шілде, 2018
- 277
Қорғаушы Сұңқар Нұрмағамбетов өмір бойына сотталған қазақстандықтың ісін аппеляциялық коллегия қарап жатқанын айтты
Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында әлі ешқандай өзгеріс болмағанын мәлімдеді. Айтуынша, қазір Ақжарқын өзін қанағаттанарлық деңгейде сезінеді.
Сондай-ақ, қорғаушы аталмыш істі аппеляциялық коллегия қарап жатқанын айтты. Анықталғандай, жаңа құрамдағы сот кеңес бөлмесіне шығып кеткен екен.
https://www.instagram.com/p/Blzod52HRmw/?utm_source=ig_web_copy_linkДесе де, сот шешімі қай уақытта шығатыны әлі белгісіз болып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай есірткі тасымалы үшін айыпты деп танылып, 2015 жылы өмір бойына сотталып кеткен болатын.