Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда жоғалған қызды полиция емес, анасы оңай карта арқылы тапты

Алматыда жоғалған қызды полиция емес, анасы оңай карта арқылы тапты
ашық дереккөз
Алматы облысында жоғалып кеткен қыз «Оңай» картасы арқылы табылды.
Бұл туралы тележүргізуші, журналист Сәуле Әбединова Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Осыған дейін журналист өз парақшасында 2018 жылы шілде айында 1989 жылғы Алматы облысы, Іле ауданы, Жаңадәуір ауданының тұрғыны Ақмарал Ноғайбаева Алматы-1 базарынан шығып ес-түссіз жоғалып кеткен жайлы жазып оқырмандардан іздестіруге көмек сұраған. Бас ауруымен қиналатынын да айтып өткен. Сәуле Әбединрва келесі постында Ақмаралдың 5-6 күннен кейін табылғанын айтты. Бірақ қызығы сонда, оны полицейлер емес, оңай картасының көмегімен тауыпты. «Ақмарал бірнеше күн қалада азып-тозып жүре берген. Анасының айтуына қарағанда, бет-аузы, үсті кір-кір дейді. Полиция әдеттегідей, түк бітірмеген...», - деп, наразылықпен бастады өз сөзін журналист. Ары қарай қыздың анасы «Оңай» компаниясына барып қызыдың соңғы рет қай автобусқы, қай бағытта отырғаны жайлы өтінінш білдіргені жайлы жазған. Компания қызметкерлері әб сәтте Ақмаралдың қайда екенін анықтаған екен. Ал, журналисттің келесі сөзінен полицейлерге адамды оңай арқылы табуға болатынын айтқан ананың сөзіне ешкім құлақ аспағаны, олардың іздестіруге аса құлшыныстары болмағанын білуге болады. Сөз соңында: «"Оңайдың" бір пайдасы осы екен. Жалпы, қаперде ұстайтын нәрсе екен...», - деді тележүргізуші.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар