Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тамара Асар не үшін 10 күн аштық жариялағанын түсіндірді

Тамара Асар не үшін 10 күн аштық жариялағанын түсіндірді
ашық дереккөз
Әнші әлі күнге дейін салмағанының 42 кг екенін айтып мақтанды.
Тамара Асар 18 жасындағы салмағын әлі күнге дейін сақтап келе жатқанын айтып мақтанды. Сондай-ақ, ол неліктен жыл сайын 10 күндей аштық жариялайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап. «Шынымды айтсам, сырт пішініме қатысты қиындық көрген емеспін. 20 жасымдағы фигурамен тұрмын. Ешқашан толған емеспін. Бірақ қазақы киімдер киген кезде үлкен болып көрінемін. Сондай-ақ, қабат-қабат киінетін кездеріміз болады. 18 жасымда 42 килограмм болдым. Әлі де сол қалпымдамын», - дейді Тамара Асар. Әнші жылына бір рет өзіне аштық жариялайды екен. Ол мұны қандай мақсатпен жасайтынын түсіндірді. «Өзімді тамақ мәселесінде ешқашан шектемеймін. Бірақ жылына бір рет 10 күн аштық жариялаймын. Ол ішкі ағзаны тазалау үшін. Кешке қарай жақсы көрген тамағымның барлығының дәмін татамын. Ешқашан өз-өзіме мынаны жеуге болмайды деп тыйым салмаймын. Керісінше бір жылдары тамақ іше алмай қиналған кездерім болды. Тамаққа тәбетімді ашу үшін көп нәрселерді жасадым. Жалпы тамақтың дәмін татсам, тойып қалатын адаммын», - деді ол. Сондай-ақ, жұлдыз күнделікті қандай тағамдарды тұтынатынын айтып өтті. «Таңертең ірімшік пен қаймақ міндетті түрде жеймін. Сосын екі дөңгелек өрік пен мейіз жеймін. Міндетті түрде шай ішемін. Шайды қойғым келді, бірақ онсыз өмір сүре алмаймын. Аздап нан жеп, түсте жақсылап ыстық тамақ ішемін. Сондай-ақ, мәзіріме қазы мен қартаны қосуды ұмытпаймын», - деді Тамара Асар.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар