Басты жаңалықтар
Денис Тен: Шай ішкенді жақсы көремін, өйткені қазақпын
- автор kyn.kz
- 30 шілде, 2018
- 569
Спортшының көзі тірісінде түсірген видеосы жұрттың жүрегін елжіретті.
Әлеуметтік желіде Денис Теннің көзі тірісінде түсірілген видео пайда болды. Аталған видеода спортшы қазақ халқы секілді шайды ерекше жақсы көретінін айтады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
«Қарның тойып тұрған кезде демалған, ал аш кезіңде жаттығу жасаған дұрыс. Жоқ, Симон, бұл су емес, шай. Мен қазақ емеспін бе?!» - дейді Денис Тен.
Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезектерінде әлі күнге дейін спортшының өлімін қабылдай алмай жүргендерін жеткізді. «Жаным сол, мен қазақпын ғой дейді. Жүрегі тек қазақ деп соқты. Қазақстан үшін еңбегін аямады. Жаны жәннатта болсын», «Жаным сол, түріңнен. Жатқан жерің жайлы болсын», «Қазақ деген сөзіңнен айналдым. Жатқан жерің жайлы болсын», «Жәннатта көрісеміз, ағатай» деп жазды олар.
Келесі мақала
Төреғали Төреәлі алғаш рет қызын көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Ақтөбе облысының 46 жастағы қала әкімі өзіне қол жұмсады
- авторТомирис Тоныкөк
- 22 желтоқсан, 2025
Басты жаңалықтар
2026 жылдан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті тегін алады
- авторТомирис Тоныкөк
- 22 желтоқсан, 2025




