Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Паспортыңды дайындасаң болды: Айгүл Иманбаева әріптестерін шетелде өтетін тойына шақырды

Паспортыңды дайындасаң болды: Айгүл Иманбаева әріптестерін шетелде өтетін тойына шақырды
ашық дереккөз
Айгүл Иманбаева жақын арада жақсы жаңалық болатынын айтып, әріптестерін қуантып жіберді
Айгүл Иманбаева биылдан қалмай тұрмысқа шығатынын бұған дейін де айтқан еді.  Бұған қарап, қалың көпшілік, әнші сөзінде тұрады  деген оймен  жақын арада тойын күтіп жүр.  Ал әншінің өзі болса бұл ақпаратты растамаса, жоққа да шығармады. Өткен сенбіде Иманбаева 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сұхбат беріп, құпияның шетін ашқан болатын. Айгүл бақытты күнін Қазақстаннан тыс аймақта тойлайтынын айтқан болатын. “Паспортыңды дайындасаң болды, қалған әңгімені кейін айтамын. Қуанышты жаңалық сол”, – деп Айгүл Иманбаева  журналист Анна Данченконы тойына шақырды. Ал Мәдина Сәдуақасова әріптесінің бұл жаңалығынан хабарсыз екенін жеткізді. “Мені шақырған жоқ әлі. Білмеймін, маған тосынсый жасағысы келіп тұрған шығар. Жаңа ары-бері өткенде көзін қысып кеткен”, – деп ағынан жарылды Мәдина. Десе де, Айгүлдің бұл мәлімдемесін кейін Баян Алагөзова да " жақын арада Айгүлге қонаққа барамыз" деп елді қызықтырып айтқан еді. Ал біз тек, әншінің жақын арада болатын тойын асыға күтеміз.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар