Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Біздің байғұс әйелдер: Айгүл Мүкей елімізде аналарға берілетін төлемақыны көріп таңғалды

Біздің байғұс әйелдер: Айгүл Мүкей елімізде  аналарға берілетін төлемақыны көріп таңғалды
ашық дереккөз
Айгүл Мүкей: Елімізде аналарға берілетін төлемақы шетелмен салыстыруға мүлдем келмейді, Арасы жер мен көктей.
Айгүл Мүкейдің өзі екінші рет ана атанғанына үй айдың  қасы ғана болыпты, Ол  бүгінде Түркияда демалып жүр екен.

"Осында келе салысымен, ресейліктерді іздеуге кірістім. Олардың босанғаннан кейін қандай төлемақы алатынын білгім келді. Теледидардан Ресей билігі аналарға жақсы қамқор болатынын еститінмін. Соған көзімді жеткізе алдым.

Реселік әйелді әңгімеге тартқанымда, ол үшінші баласына 450 000 рубль төлемақы берілгенін айтты. Бұл теңгеге шаққанда шамамен 2 260 000 теңге. Одан бөлек Ресейде он сотық жер немесе оған сәйкес қаражат беріледі екен. Екінші балаға шамамен 270 000 рубль біржолғы жәрдемақы береді. Ал мемлекеттік қызметкерлерге жеңілдікпен ипотека беріледі.

Осылай, Қазақстанның аналары. Менімен сөйлескен әйел Қостанайға жақын орналасқан Челябинскіде тұрады. Алайда олармен арамыз жер мен көктей болып шықты... Одан бөлек біздің қыздар табысы болмағасын, айналдырған 80-90 мың теңге үшін бала көтеретінін естідім. Айырмашылығын сезініңіз.Осындай кедейшіліктен кейін біздің жігіттер көліктің айнасын ұрлап, чемпиондарды өлтіруде. Өкінішті", - деп жазған Айгүл.

Айгүл  жазбаны желідегі парақшасына салған кезде, жұрт оны қызу талқыға салды.

"Біздің мемлекеттің байғұс әйелдері... Ешқандай жеңілдік жоқ, мардымсыз жәрдемақы. Мен төрт баланың анасымын. Тіпті мектепте тегін кітап бермейді, берсе тек бір балама ғана... Тегін тамақ та берілмейді", - деп жазған желі қолданушыларының бірі.

https://www.instagram.com/p/BlrmHHShFMz/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар