Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ұятмен: Денис қаһарман атағына лайық емес, ол Қазақстанды шын сүйген емес

Ұятмен: Денис қаһарман атағына лайық емес, ол Қазақстанды шын сүйген емес
ашық дереккөз
Жәнібек Денис Теннің бар кемшілігін тізіп, халық ұсынып жатқан атақтарға лайық емес екенін дәлелдеп көрсетпек болды.
Сөз басында ұятмен "Медеу" мұз айдыны мен "Халық арена" спорт кешенінің өз атаулары бар, Теннің есімін берйік дегендерді құр жағымпаздар деген екен. "Коньки деген қазақтың қанында да салтында да мүлдем жоқ спорт. Сондықтан коньки тебу қазақтың сүйікті спортына мүлдем жатпайтындықтан, қазақ бұған халық қаһарманы деген атақ беруге мүлдем келмейді", - деген сөзінде қазақтарға мәнерлеп сырғанау спортының мүлдем керек еместігін жеткізген. Бірақ, автор Денис Теннің ұлты корей екенін, ал корей ұлтына да мәнерлеп сырғанау спорты тән еместігін ұмытып кеткендей. Ал, келесі сөзінде нақты не үшін Денисті қаһарман атағына лайық емес екенін түсіндірген. "Ол өлгенде жергілікті қазақ ұлтының құрдымға кетіп бара жатқан салтын, жерін т,б ұлттық мүдесін жанкештілікпен қорғау жолында өлсе бір сәрі. Бірақ ол бұлай өлген жоқ. Ол көшеде қайдағы бір нан таба алмай жүрген аш біреумен айнамды бермеймін деп айна үшін айқасып өлді", - деп жазған. Жәнібек екінші дәлелі ретінде, Денистің қазақ тілін білмегенін айтып, оны қазақтарды менсінбеген деп айыптаған. Қазақ мүддесі мен тілін танымайтын адамға мұндай атақ беру жайлы сөз бастағандарды - жағымпаздар, ал олардың істеп отырғандары ұлтқа қарсы қылмыспен тең деп бағалаған екен. Сөз соңында қазақ спортшылары Қазақстан намысы үшін емес, берілетін қомақты ақшаға бола көк туымызды желбіретіп жүр деп сынаған. "Тағы бір айта кететін жәйт, қазақты шын сүйген спортшы, қазақты сүймейтін Нұр Отан партиясына кірмейді" - деді ұятмен.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар