Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сәкен Майғазиев: Шетел емес, жайлауда демалғым келеді

Сәкен Майғазиев: Шетел емес, жайлауда демалғым келеді
ашық дереккөз
Әнші келіншегі аяқ-қолын бауырына алғанша оған барынша көмектесетінін айтты.
Жуырда Мейрамбек Беспев, Әйгерім Қалаубаева, Бүркіт сынды әншілер отбасыларымен Түркияда демалып келген болатын. Жұлдыздар аталған мемлекеттегі демалысына кемінде 900 мың теңге жұмсайды екен. Бұл бір адам басына шаққандағы есеп. Алайда Сәкен Майғазиев белгілі бір себептермен биыл отанында қалуды жөн көріпті, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап. «Алла нәсіп етсе, күзде жайлауға барғым келіп отыр. Шетелге бару жоспарымда жоқ. Жүрегіміздің ішіндегі жүрегіміз аяқ-қолын бауырына алып, шамалы етегін жинағанша, біраз көңіл бөле тұратын шығармын. Бірақ, атқамінер ағаларымыз белсенділік танытатын саяхаттарға тәжірибе жинау мақсатында іссапармен барып қалуымыз мүмкін. Шынымды айтсам, демалысқа уақыт болмай тұр. Демалысты сол жайлауға қалдырсам деп отырмын», - деді Сәкен Майғазиев.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар