Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Көңілімді қалдырды». Әнші Ақбота неліктен күйеуінен бөлек тұратынын түсіндірді

«Көңілімді қалдырды». Әнші Ақбота неліктен күйеуінен бөлек тұратынын түсіндірді
ашық дереккөз
Керімбекова үшінші рет тұрмысқа шыққан болатын.
Ақбота Керімбекова үшінші рет тұрмысқа шығып, тойын ашық аспан астында өткізген еді. Енді міне әнші жолдасы көңілін қалдырғандықтан, бөлек тұруға шешім қабылдағанын айтып жатыр, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Ойбайlife бағдарламасына сілтеме жасап. «Бұл сұрақтың нүктесін қоя алмаймын. Бізде әзірге арамызда үлкен сұрақ белгісі тұр. Ажырастым, ажыраспадым деп те айта алмаймын. Араласамыз, бірақ бірге тұрып жатқан жоқпыз. Біраз түсініспеушіліктермен  арамызда үлкен сұрақ тұр. Бір-біріміздің қыр-сырымызды білуге тырысып жатырмыз. Ажырастым деп айтпаймын. Бөлек тұрып жатқанымызға аз ғана уақыт болды. Араласатын ата-енем, қайынбикелерім болғандықтан нүктесін қоя алмаймын. Сөздің шыны керек, күйеуім «Ер азамат ретінде саған деген құрметімді дәлелдеймін. Маған кішкене уақыт бер деп айтқан болатын.  Қолымнан келгенше отбасымды сақтап қалғым келеді. Дәл қазір отбасылық жағдайым үлкен қыл көпірдің үстінде тұр. Жолдасым мені қатты ренжітті, көңілімді қалдырды», - дейді әнші.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар