Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тәжікстанда пәк болмай шыққан қыздың ата-анасы өздеріне қол жұмсады

Тәжікстанда пәк болмай шыққан қыздың ата-анасы өздеріне қол жұмсады
ашық дереккөз
Қызы үшін намыстанған анасы оны өлтірмек болған.
Оқиға Тәжікстанның Канибадаме қаласында болды. 42 жастағы Муродджон мен Шоирахон Ганиевтар өзіне қол салып мерт болды. Олар 13 тамыз күні қызын ұзатпақ болған. Алайда мединалық тексеру кезінде қызының пәк емес екенін анықталды. Әкесі 13-нен 14-не қараған түні үйіне келіп асылып қалды. Анасы ертесінде қызын ертіп Ферған арнасына барып суға батып өлмек болады. Қызды жақын маңда жүрген жандар құтқарып қалады. Анасын құтқару мүмкін болмады. Ерлі-зайыптының өлімінің нақты себебі айтылған жоқ. Журналист Махмуди Ашурмахмад марқұмдардың қызын тексеруден өткізгенін, оның пәк болмай шыққанына ашуланғанын айтады. Тәжікстанда некелесер алдында қызды тексеріп, пәктігін анықтайды. Өзге де жұқпалы аурудың бар-жоғын тексереді. Егер келін пәк болмаса, үйінен қуып жібереді. Өз ата-анасы да қабылдамайды. Ары өмір бойы қыздың бетіне салық болады. Исламда да зина жасау, некесіз жыныстық қатынасқа түсу күнә саналады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар