Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ержан Рашев қыздарға жартылай жалаңаш жүруге рұқсат беруге шақырды

Ержан Рашев қыздарға жартылай жалаңаш жүруге рұқсат беруге шақырды
ашық дереккөз
Блогер: Өмірдегі бар жаман нәрселерді киінген адамдар жасайды.
Ержан Рашев Instagram желісіндегі жазбасында қыздардың жалаңаштануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Біздің қыздарға инстаграмда тәнін жалаңаштауға рұқсат бермейтіндерге күлкім келеді. Ер адамдар іш киімі қалғанша шешініп жатады, ал қыздарға болмай ма сонда? Әр адамның тәні – оның жеке меншігі. Ол өз тәнімен не істейтінін өзі ғана шешеді. Өмірдегі бар жаман нәрселерді киінген адамдар жасайды. Өзімізді киіммен қанша жасырғымыз келсе де, оның астында бәріміз тыржалаңашпыз», - деп жазды блогер. Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге айырылды. Бірі блогерді қоштаса, екіншілері оны даттап жатты. «Маған бұл пост ұнайды», «Қумашы», «Бар мәтіннен «Құрметтілерім, жалаңаштаныңыздар» деген сөзді ғана оқығандай болып отырмын», «Әр адам өзінің пікірі мен қызығушылықтарын өзінде қалдырсын. Мен неліктен басқа жігіттер не ойлайды деп алаңдауым керек екен? олар неге өздерін қолға алмайды? Қызық екен», «Мемлекетіміздегі барлық ер-азамат осылай ойласа ғой» деп жазды желі қолданушылары.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар