Басты жаңалықтар
Гүлзира Айдарбекова түркиялықтардың Қайратты танитынын айтып мақтанды
- автор kyn.kz
- 1 тамыз, 2018
- 290
Желі қолданушысы: Қойшы, апатай. Көп мақтанып кеткен жоқсың ба?
Дәл қазір Гүлзира Айдарбекова отбасымен бірге шетелде демалып жатыр. Продюсер Түркия елінің жігіттері Қайрат Нұртастың әнін тыңдап жүргенін айтып мақтанды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
«Түркия елінің жігіттері Қайраттың әнін тыңдаймыз деп танып, қуанып жатыр. Қайроштарыңыз аман болсын! Құрметтеген сайын мерейіміз үстем болып отырғанымыз. Астарыңыз дәмді болсын!» - дейді Айдарбекова.
Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі бұл постқа қатысты екіге айырылды. Бірі әншінің расымен мақтауға тұратынын айтса, екіншілері керісінше пікірде болды.
«Әлем мойындаған Қайрат Нұртас! Алла тіл-көзден, қауіп-қатерден сақтасын», «Қойшы, апатай. Көп мақтанып кеткен жоқсың ба?», «Керемет! Қайратымыз бүкіл жер-шарында танымал болсын. Жақсы демалыс болсын», «Қайрат ағаның өнері өрге жүзсін. Әрдайым мерейі үстем болғай» деп жазды желі қолданушылары.