Басты жаңалықтар
Досы: Денистің жаны жақындарына барып қонғанын тілеп жүрмін
- автор kyn.kz
- 1 тамыз, 2018
- 249
Айгеля әлеуметтік желі қолданушыларына өтініш білдірді.
Денис Теннің Айгеля есімді досы әлеуметтік желідегі парақшасында күн сайын марқұм спортшы туралы жазбаларын бөлісіп жатыр. Ол мәнерлеп сырғанаушының өзіне жазған хатын еске алып, жаратқаннан оның жаны жақындарына барып қонуын тілеп жүргенін айтты, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
«Денис бірде маған «Маған жұрттың бір минут көңілі жеткілікті, ал қайтарымына мен өзімді толықтай сыйлауға әзірмін» деп жазған еді. Оның бұл сөздері рас. Ол сүйсе, соңына дейін баратын. Бір нәрсені қолға алса, оны мінсіз орындап шығуға тырысатын. Жақындарына көмек қажет болса, қол ұшын созудың миллион жолын табатын. Аса мазаламай және үлкен махаббатпен... Ешқандай көз жас ауырған жанды емдей алмайды. Кеше оның жаны Құдіретті бастапқы қалыпқа келсе екен немесе рейнкарнация болған жағдайда, жаны жақындарының біріне барып қонса екен деп жалбарындым. Сол жан Дениске тән мейірімділікпен бөлісетін еді. Мен осы нәрсеге сондай сенемін...
Оның сүйікті фильмдерінің бірі Тим Бертонның «Ірі балығы» еді. Жуырда «Судың кейпі» атты кинофильм шықты. Оны бүгін ғана көре алғаным өкінішті. Дәл қазір Дениске «Ірі балығыңа» менің жауабым «Су кейпі» дер едім. Мәңгі және шексіз сүйікті». Өтініш, менің посттарымның астында ешнәрсе жарнамаламаңыздаршы. Бұл коммерциялық профайл емес және олай болмайды да. Түсіністік танытқандарыңыз үшін рахмет», - деп жазды досы.
Көпшілік Айгеляның пікірін қоштап, оған қолдау білдіруге тырысты. Арасында оның, шын мәнінде, Денис Тенге кім болып келетінін білгісі келгендер табылды. Алайда бойжеткен бұл сұраққа жауап беруден бас тартты.
Келесі мақала