Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қайрат «а» десе де хит қой». Тыңдармандары әншінің бейнебаянына баға берді

«Қайрат «а» десе де хит қой». Тыңдармандары әншінің бейнебаянына баға берді
ашық дереккөз
Әнші «Мен әлемді қазақша жақсы көремін» атты әнге түсірілген бейнебаянының тұсауын кесті.
Қайрат Нұртас «Мен әлемді қазақша жақсы көремін» атты әнге түсірілген бейнебаянының тұсауын кесті, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Құрметті менің тыңдармандарым! Көптен күткен Дәурен Шәріптің «Мен әлемді қазақша жақсы көрем» атты әнін су жаңа бейнебаянмен ұсынғалы отырмын. Тыңдап, көріп оң бағасын бересіздер деген ойдамын», - дейді әншінің өзі. Әзірге әншінің бейнебаянын 128 мың адам көрген. Көпшілік бейнебаянның көңілдерінен шыққанын, алда жаңа туындылар күтетіндерін жарыса жазды. «Қайраттың кез келген туындысында қазақы қоңыр үн бар. Ол «А» десе де, «Б» десе де хит болары сөзсіз. Себебі, оның өнерін қалың жұртшылық мойындап қойғалы қашан», «Молодец! Қазақ эстрадасын қазақша танытып жүрген жігіттердің бірі. Бәрі қазақша бұл жігітке», «Жарайсың! Қандай ән десеңші» деп жазды олар.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар