Барлығы бір тонна ұн, 750 келі күріш, 750 келі қант, 250 келі тұз, кофе, томат пен макарон сатып алынған.
29 жастағы ағылшын пәнінің мұғалімі Тоғжан Ынтықбаева өзінің Instagram парақшасында қайырымдылық шарасының фотоларын жария етті, -деп хабарлайды KYN.KZ
"Барлығы біреуге көмектесіп, жақсылық жасайық деген ниеттен пайда болды, – дейді жанашыр мұғалім. – Мейірімді қазақстандықтар 2,5 миллион теңге жинап берді. Бұл – 280 отбасының бір айлық азығына тең. Бүгін біз ауылдардың бірінде 10 пакетті тараттық.
Балаларға тәттілер, ересектерге азық-түлік бердік. Кеше 120 пакет таратылды. Барлығы бір тонна ұн, 750 келі күріш, 750 келі қант, 250 келі тұз, кофе, томат пен макарон сатып алынды. Әуелі 80, кейін 40 пакетті екі ауылдың тұрғындарына жеткіздік".
Тоғжан Ынтықбаеваның жұбайы Азамат Жағыпаровтың айтуынша, оның жұбайы және құрбысы 4D карталарды сатып, ақша тапқан.