Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қоқыстан тамақ жейміз: Ақтөбелік отбасының жағдайы жұртты шошытты (фото)

Қоқыстан тамақ жейміз: Ақтөбелік отбасының жағдайы жұртты шошытты (фото)
ашық дереккөз
Ақтөбеде қаладан бірнеше шақырым жердегі қоқыс полигонынан тамақтанып жүрген Света есімді келіншектің жағдайы халықты дүрліктірді. Ол пластикалық бөтелкелерді жинап, қоқыстағы шіріген тамақтарды жеп жүр екен.
Светаның өзі Ақтөбеге Оралдан жұмыс іздеп келген. Отбасымен бірге пәтер жалдап жүр екен. Ақтөбеде тұрып жатқандарына 10 жыл  болыпты. Күйеуі жалдамалы жұмысшы болып істеген. Алайда жұмыс беруші жалақысын уақытылы төлемеген соң, осы жұмысқа келіп отыр. Света да күйеуінен кейін бұл жұмысқа амалсыздан келген. Жолдасы бұл жерде бес жылдан аса жұмыс істейді екен. Ал келіншектің өзі бұл жердегі жұмысты 2 жыл бұрын бастаған екен. Ата-анасымен бірге баласы да жүр екен. "30 келілік қапшықпен пластик бөтелкелер жинап, 25 теңгеден сатамыз. Олардың ақшасын ай соңында күйеуім, мен және балам үшеуміз қосылып, 28-30 мың теңгедей етіп аламыз. Күніге 4-5 қапшық бөтелке тапсырамыз. Онымыз 100-125 теңгедей болады. Ай соңында алатын ақшаның өзін 10-15 күнге кешіктіріп береді. Егер демалыссыз шықсаң 40 мың теңгеге дейін жалақы алуға болады",-дейді Света Чекризова.  width= Светаның үлкен ұлы Ақтөбенің №40 мектебінде  9-сынып оқиды. Ал кішкентайы небәрі екі жаста. Өздері жұмыста болған кезде,бала күтіміне туыстары көмектеседі  екен.  Қастарына болса, қоқыс жинау үшін туысқанның баласын да ертіп алатын көрінеді. "Енді қайын апам да жұмыссыз. Жолдасы қайтыс болған. Оның да тұрмысы қиын, төрт баласы бар. Оған көмек болсын, баласы киіміне ақша тапсын деп ілестеріп шығамын. Біз қоқыс алаңына таңғы сағат 5-те келеміз. Таңертең қапшықтарға бөтелкелерді жинап қойып, түсте тамақ тереміз. Сол кезде азық-түлік дүкендерінің қоқыс таситын көліктері келеді. Шіріген картоп, жуаларды теріп, үйден пісіріп жейміз",-дейді келіншек.

Отбасы бөтелке жинаған қапшықтарын күзетіп, кеш батқанша оларды тиеп алып кететін машиналарды күтіп отырады.

"Бұл жерде бөтелке жинайтын адам саны 30-дан асады. Отбасы, бала-шағасымен жүргендер көп. Бәрі де тұрақты жұмыс таппай қоқыс теріп күн көріп жүр. Әрқайсысының тағдырлары әр түрлі. Кейбіреулер осында күрке жасап, үйден әкелген тамақтарын жейді. Біз де күнде осы қоқыстың ортасында отырып түскі ас ішеміз",- дейді ол
 width=

Олар қаланың шетіндегі саяжайлардың бірінде пәтер жалдап тұрады. Ол Шанхай ауданында орналасқан екен. Алайда, ауыз суы да жоқ пәтерге жанұя айына 20 мың теңге төлеп жүр.

Света алғашында қоқыс иісінен тұншыққанын, ал қазір еті үйреніп кеткенін айтады.

"Нан жегің келсе жұмыс жасайсың. Қарны аш балаларыңды көргенде бәріне көнесің. Өмір сүру керек. Еңбек етсең жұмыс, табысыңды жинасаң ақша болады",-дейді Света Чекризова. Бір отбасындай болып кеткен қоқыс алаңындағылар әріптестердей араласады. Бір -бірінің үйіне қонаққа да барады екен. Отбасына көмек көрсетемін деушілер Света Чекризованың телефонына хабарласа алады.
8771 768 67 27-Света Чекризованың ұялы телефоны 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар