Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қытайға қош келдіңіз": ШҚО-ға іс-сапармен барған қазақстандық телефонына келген хабарламадан шошып кетті(фото)

"Қытайға қош келдіңіз": ШҚО-ға іс-сапармен  барған қазақстандық телефонына келген хабарламадан шошып кетті(фото)
ашық дереккөз
Астанадан Шығыс Қазақстанға жұмыс бабымен барған қала тұрғыны телефонына келген бағдарламаны көріп таң қалды.
 width= Астанадан Шығыс Қазақстанға жұмыс бабымен барған қала тұрғыны телефонына келіп түскен "ерекше" хабарламамен бөлісті.  Оған "Қытайға қош келдіңіз" деген хабарлама келген екен.

"Негізі бұрындары ұшақпен осы өңірге іссапармен жиі баратынмын, сол кезде көп байқамайтынмын. Бірақ осы жолы көлікпен баруға тура келді. ШҚО Аягөз ауданынан асып, Ақтоғай жаққа қарай бет алғанда, телефоныма хабарлама келіп түсті. Қарасам, мынадай "Қытай еліне қош келдіңіз" жазба тұр. Таң қалғаным соншалық, не күлерімді, не жыларымды білмедім. Неге біздің елдің аумағында мұндай хабарлама келеді? Әлде бұл жай ғана техникалық ақаулардың салдары ма? Не болса да, өз еліңде осындай хабарламалардың таралып жатқанына алаңдайды екенсің. Былай қарасаңыз, Қытай қайда жатыр? Аягөз бен Ақтоғай қайда жатыр?",-деді таң қалған тұрғын.

Оған қоса, ол Шығыс Қазақстанға келгенде, "China Mobile" деген ұялы байланыстың да пайда болатынын айтты.

"Телефонымның қуаты таусылып, скриншот жасай алмадым. Бірақ, мына жерде біздің байланыс операторының орнына "China Mobile" деген жазбаны да көрдім. Жергілікті халықтан сұрасам, бұл қалыпты жағдай, етіміз үйреніп кеткен дейді. Айтпақшы, жол бойы түрлі қытай компанияларын да көрдім. Ешқайсысында не қазақша, не орысша жазба жоқ. Бәрі тек қытай тіліндегі ақпарат, не жазып қойғандары түсініксіз.Әрине, ел арасына іріткі салғым келмейді, бірақ біраз уақыттан кейін, Шығысқа барсақ, Қытайға барғандай әсер алмасақ болды әйтеуір",-деді елордалық тұрғын.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар