Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Келесіде өзің бояйтын боласың: 12 жасар шымкенттік қыз Мадина Садуақасованы таңдай қақтырды

Келесіде өзің бояйтын боласың: 12 жасар шымкенттік қыз Мадина Садуақасованы таңдай қақтырды
ашық дереккөз
Мүшел жасына енді толған қыз баланың болашақ мамандықты таңдап қоюы отандық әншіні қатты таңғалдырды

Сәбинаның анасы- визажист. Содан ба, әйтеуір қыз бала кішкентай кезінен бастап, бетті әрлеуге қатты қызығады.

Мәселен, таяуда ғана Мадина Сәдуақасованың бетін бояуға анасына көмектесіпті. Әнші кіп-кішкентай қыздың талантына таңғалып: "Келесіде өзің бояйтын боласың. Оған дейін әбден машықтанып ал", – деп тапсырма беріп кетіпті.

Сәбина болса бояудың үш түрін меңгеріп алған екен. Қасты да әдемі пішінге келтіріп қана қоймай, безеу, басқа да кемшіліктері бар бетті білдірмей әрлей алады. Сондықтан келесіде Сәдуақасованың сенімін ақтаймын деп отыр.

Жеткіншек бүгінде салонға келетіндердің басым бөлігі маған сене бермейді,- дейді. Алайда  өзі істеген жұмыстарын көрсетсе болды,  көңілдері  жайланатынын көрінеді.

"Бірде мамам түскі ас ішуге сыртқа шығып кеткен еді. Сол сәтте бір әйел келіп: "Визажист бар ма? Макияж жасатуым керек еді" деп сұрады. "Келіңіз, мен бояп берейін" деген едім, шошып кетті. Маған сенбеді. Содан телефонымда сақталған жұмыстарымның суреттерін көрсеттім. Сонда ғана көңілі жайланып, маған сенім артты. Ал жұмыс біткесін алғысын жаудырып, ақысын еселеп төледі. Бұл менің өзіме деген сенімділігімді еселей түсті", – дейді Сәбина Есенгелдиева.

 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар