Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Балаларды 1 сыныпқа қабылдаудың тәртібі өзгерді

Балаларды 1 сыныпқа қабылдаудың тәртібі өзгерді
ашық дереккөз
Биыл ата-аналар балаларын оқытатын мектепті өздері таңдап, электронды түрде өтініш білдіре алады.
Бұл жайлы Sputnik.kz жазады. Жаңа оқу жылынан бастап қазақстандық ата-аналар тұрғылықты мекенжайына қарамастан, балалары оқитын мектепті өздері таңдай алады. Стартегия, цифрлық технологиялар сараптамасы бөлімінің басшысы Жазира Асанованың айтуынша, бұдан былай ата-ана немесе баланың заңды өкілі өздері таңдаған мектепке e.astana.kz сайты арқылы өтініш бере алады. "Баланың қауіпсіздігі мақсатында ата-аналарға жақын маңдағы мектепті таңдауға кеңес береміз. Егер ата-ана нақты бір мектепті таңдағысы келсе, оған 30 тамызға дейін қол жеткізе алады. Балаларды қабылдау жыл бойына жүргізіле береді", — деді әкімдік қызметкері. Е.astana.kz сайтына электронды өтініш берген кезде, "Бірінші сыныпқа тіркелуге құжаттарды қабылдау" бөлімінде болашақ бірінші сынып оқушысының туу туралы куәлігінің, мектеп басшысының атына жазылған өтініштің және медициналық төлқұжаттың бірінші бетінің сканерленген көшірмесі мен екі 3*4 суретті жүктеу керек.
Көңілі қалаған мектепте орын қалмаса (бір сыныпта 30 балаға дейін), елорда сайтында бірінші сынып оқушыларын қабылдап жатқан басқа мектептер тізімін қарап алуға болады. Электронды өтініш беруге мүмкіндік болмаса, ата-ана жақын маңдағы мектепке барса болады. Сол жерде баланы 1-сыныпқа беруге көмек көрсетіледі. Білім және ғылым министрлігі бұйрығына сәйкес, мектепті өз қалауымен таңдау тәртібі бүкіл республика аумағында жүргізіледі. Астана қаласында 84 мемлекеттік жалпы орта білім беретін мектеп бар. Жыл сайын оқушылар саны 15-18 мыңға көбейіп келеді. Биыл 7 мың орындық 6 мектеп салынып жатыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар