Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Саммитке дайындық осындай: Ақтауда жолдарды кірұнтақпен жуып жатыр

Саммитке дайындық осындай: Ақтауда жолдарды кірұнтақпен жуып жатыр
ашық дереккөз
"Каспийлік бестіктің" саммиті қарсаңында Ақтау қаласында қызу дайындық болып жатыр
Ақтау  тұрғындарын жолдың қақ ортасында тұрған тазалағыш көлік қасындағы жұмысшылар  таңғалдырды. Өйткені олар тасжолды жай ғана сумен емес, арнайы ұнтақпен жуған көрінеді. Қала тұрғындары болса, жұмысшылардың бұл әрекетін саммитке дайындық ретінде балап отыр. "Ақтаудағы жолдарды ұнтақпен тазалап жатыр. Саммитке дайындық деген бізде осындай. Президенттерді күтіп алуға сақадай саймыз", - дейді желі қолданушысы.

Естеріңізге сала кетейік, 12 тамыз күні Ақтауда Каспий маңындағы бес елдің басшыларының қатысуымен ауқымды саммит өтпек. Оған Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран және Түркменстан президенттері қатысады.

     
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар