Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әжей су басып кеткен люкке түсіп кеткен немересінің артынан секірген(Видео)

Әжей су басып кеткен люкке түсіп кеткен немересінің артынан секірген(Видео)
ашық дереккөз
Желіде Сочи демалыс аймағында су басып кеткен көшедегі люкке түсіп кеткен немересінің артынан тесікке секірген әжей видеосы пайда болды.
https://www.instagram.com/p/BmBxD3xFRPz/?utm_source=ig_share_sheet&igshid=171jrql18igcq Видеода көрсетілгендей, әжесі мен немересі жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқанда, бала ашық тұрған люкке түсіп кетеді. Әйел қатты мазасызданып, айналадағыларды көмекке шақыра бастайды. Біраз уақыттан соң немересін судан шығармақшы болған әйел өзі секіреді. Риа Новости жазғанына сәйкес, оқиға Лазаревское ауылында болған. Жаңбыр суы каналына түсіп кеткен баланы толқынмен Қара теңізге алып кеткен. Оқиға орнына құтқарушылар шақырылған. Уақыт өте келе кішкентай бала теңізде өлі табылады.  Әжейдің тағдыры әлі күнге белгісіз. Су басқан ашық люктен аман шығуы екі-талай.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар