Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көпшілік арасында серуендеп жүрген жолбарыс халықтың үрейін туғызды

Көпшілік арасында серуендеп жүрген жолбарыс халықтың үрейін туғызды
ашық дереккөз
Алматылықтар Арбатта көпшіліктің арасында серуендеген жолбарыстан шошып, оның ашықтан-ашық жүруіне наразы болды

Жолбарыстан шошынған алматылықтар, бұл іске  құзырлы органдардың араласуын өтінген.  Анықталғандай, "Шапито Акула" циркіне тиесілі жолбарыс вайн түсіріліміне қатысқан. Арбатқа оны тәжірибелі жаттықтырушысы алып шыққан екен.

"Ол қазақстандық танымал вайнерлермен түсірілімге қатысты. Ол жерге оны тәжірибесі мол жаттықтырушымыз апарды. Қастарынан өтіп бара жатқан адамдар оны желіге жүктеп, ел арасында шу тудырған.", - деп айтты цирк өкілдері.

Ал жолбарыс үшін жауапкершілікті жаттықтырушы толығымен өзіне алған.

Оқиғаның желіге шығып кеткенінен кейін тәртіп сақшылары жолбарыс жаттықтырушысын іздестіріп, оны бөлімшеге шақырған. Маман өз әрекетіне байланысты түсіндірме қағазын толтырды.

"Расымен биліктен ешқандай рұқсат алған жоқпыз. Жаттықтырушы полиция бөлімінде болып қайтты. Онымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Алайда, қайталап айтамын, жаттықтырушының тәжірибесі өте мол. Оның үстіне жолбарыс жас әрі сабырлы. Онымен қиындықтар ешқашан туындамаған", - деп айтты цирк өкілі.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар