Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Данияр Елеусінов атақты Victoria’s Secret моделінің жүрегін жаулады

Данияр Елеусінов атақты Victoria’s Secret моделінің жүрегін жаулады
ашық дереккөз
Адриана Лима спортшыға: "Жанкүйерің болғым келеді" деген екен.
Бұл туралы Sports.kz жазады. Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Victoria’s Secret агенттігінің бразилиялық моделі Адриана Лимамен қалай танысқанын айтып берді. "Бір ай Майамиде жаттықтым, ол жақ қатты ұнады. 5th Street Gym залында жұдырықтасып жүрдім. Ол залға барған сайын Адриана Лиманы көретінмін. Менің командаммен сөйлесіп: "Нью-Йоркке сенің жекпе-жегіңді көру үшін барамын. Сенің жанкүйерің болғым келеді", — деді", — деп еске алады Елеусінов Boxing Monthly журналына берген сұхбатында. Естеріңізге сала кетсек, Елеусінов АҚШ-та сәуір айында кәсіпқой рингке алғаш рет шыққан еді, ол кезде америкалық Ноа Киддті техникалық нокаутпен жеңген болатын. Кейін Лондонда төрешілердің шешімімен венгр Золтан Шабоны ұтты. 4 тамыздан 5 тамызға қараған түні Кардиффте Данияр тағы бір венгриялық боксшы — Габор Горбичке қарсы кездесу өткізеді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар