Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бір үйдің үш қызы әкелерін қалай өлтіргендері видеоға түсіп қалған

Бір үйдің үш қызы әкелерін қалай өлтіргендері видеоға түсіп қалған
ашық дереккөз
Мәскеуде болған отбасылық қылмысқа қатысты тергеу жалғасуда.
Ресейдің Тергеу комитеті үш апалы-сіңлі туған әкесін өлтірген кезде подъездегі бақылау камерасына түсірілген видеоны жариялады. Ролик ведомствоның "Твиттер" парақшасында пайда болған, деп хабарлайды life.ru. "Мәскеулік тергеушілер бақылау камераларындағы видеоны зерттеп жатыр", — делінген хабарламада. Кадрларда анық көрінгендей, қыздардың бірі пәтерден шығып, екі қолымен бетін жауып, есік алдында әрлі-берлі жүреді. Содан кейін пәтерге қайта кіріп кеткен. Айта кетсек, 27 шілде күні Мәскеуде 17, 18 және 19 жастағы үш апалы-сіңлі туған әкесін өлтірген. Олар әкесі ұйықтап жатқанда шабуыл жасап, 36 рет пышақ салған көрінеді. Қыздар жантүршігерлік қылмысқа әкесінің өздеріне жасаған айуандығының кесірінен барғанын түсіндіреді. Қазір де апалы-сіңлілер екі айға қамауға алынған.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар