Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

12 жастағы жасөспірім әлемдегі ең ұзын қыз атанды (фото)

12 жастағы жасөспірім әлемдегі ең ұзын қыз атанды (фото)
ашық дереккөз
Англияның Саутгемптон қаласының тұрғыны Софи Холлинс небәрі 12 жаста болғанымен, бойы 189 сантиметрге жеткен.
Бұл туралы Mirror хабарлады, деп жазады Kyn.kz ақпараттық агенттігі. Софи Холлинс әлемдегі ең ұзын қыз атанды. Оның мүшел жасына енді толғанына қарамастан, бойы 189 сантиметрге дейін жетіп отыр.  width= Жасөспірім Гиннестің рекордтар кітабына кіргеніне қарамастан, өзіне ота жасатып отыр. Яғни одан кейін бойы өспейді деп үміттенеді. Ал дәрігерлер оған өмірге қауіпті диагноз қойды. 12 жастағы Софи "Марфан" синдромына шалдыққан. Марфана ауруы дәнекер тінінің мұраланған ақауынан туындаған және тірек-қимыл жүйесінің зақымдануымен сипатталады. «Мен әрдайым ерекше екенінімді білетінмін. Мектепке алғаш барған кезде де сыныпта ең ұзыны болдым»,-дейді қыз.  width= Алты жасында Софи  147 см болса, төрт жылдан кейін бойы 155 сантиметрге жеткен. Дәрігерлер баланың жыныстық жетілуін жеделдету үшін тізе мен гормондарына ота жасау арқылы оның бойының өсуін тоқтатуға тырысты. «Анам менің Марфана синдромына шалдыққанымды бала кезімде айтқан болатын. Мен бойымның ұзын болғанын мақтан тұтамын, бірақ оның өсуінің тоқтайтынына қуаныштымын. Бойыңның ұзындығы 189 сантимерт болғаны жақсы әрине, адайда одан әрі өскім келмейді», -дейді Софи.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар