Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ресейде тікұшақ жерге құлап, 18 адам қайтыс болды

Ресейде тікұшақ жерге құлап, 18 адам қайтыс болды
ашық дереккөз
Краснояр аймағында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, бортында болған 18 адам тірідей жанып кетті

Қайғылы жағдай бүгін сағат 10:20-да Игарка аулының маңында болған.

Ресейлік тергеу комитетінің хабарлауынша,  әуе кемесінің бортында 18 адам болған. Олардың ешқайсысы тірі қалмады.

Қазіргі уақытта қауіпсіздік шараларының сақталмауына байланысты қылмыстық іс қозғалып отыр.

Анықталғандай, Ми-8 құлар алдында 2 шақырымдай ұшқан. Кейін жерге құлап, оған қоса  жанармай бактары атылып, нәтижесінде тікұшақ толығымен жанып кетті.

Алдын ала берілген мәлімет бойынша, апатты жағдайға тікұшақтағы ақау немесе экипаждың қателігі себеп болуы мүмкін. Қазіргі таңда арнайы тексеру жұмыстары  жүріп жатыр.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар