Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Медицина саласында жаңа жетістік: Ғалымдар өкпе өсіруді үйренді

Медицина саласында жаңа жетістік: Ғалымдар өкпе өсіруді үйренді
ашық дереккөз
Мұндай жетістікке Америкадағы Техас университетінің Галвестон Ұлттық зертханасының мамандары жетіп отыр
Америкалық ғалымдар алғаш рет өкпе өсіруден табысқа жетті.  Мамандардың  айтуынша, жасанды өсірілген және басқа адамға орналастырылған ағза бөтен денеге бірден  жақсы үйреніп кетті. Медицина саласындағы мұндай жетістікке Техастық университетінің Галвестон Ұлттық зертханасының мамандары қол жеткізе алды. Тәжірибелердің барлығы  адам ағзасына ұқсас келетін шошқаға қойылды. Зерттеушілер шошқаның денесінен өкпесін алып, оны арнайы резервуарға салып, тіршілікті қамтамасыз ететін аппаратқа қосқан. Олардың қуанышына орай, ағза ары қарай үлкейіп, өсуді тоқтатпаған. Бір айдан кейін өкпені табысты түрде туыстық қатынасы жоқ шошқаға салған. Ғалымдар барлығы алты өкпені ауыстырған, алайда кейбір проблемаларға байланысты олардың тек төртеуі ғана жаңа ағзаға сіңе алған. Сарапшылардың айтуынша, бұл жаңалық келешекте сау өкпелерді адамға салып, тіпті зақымдалған тіндерді қайта өсіруге мүмкіндік береді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар